Жаңалықтар

28 қыркүйек 2005
Бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Төралқасы төрағасының бірінші орынбасары Талғат Мамашевты қабылдады.

Кездесуде Т.Мамашев Елбасына Қазақстанның жаңа елордасы Астанада тұңғыш рет өткізіліп отырған Қазақтардың үшінші Дүниежүзілік Құрылтайының өткізілу барысы туралы баяндап берді.

 
Құрылтайға 32 алыс және жақын шет мемлекеттерден 300-ден аса делегат қатысып отыр.

 

Құрылтайдың негізгі мақсаты – шет елдердегі қазақ диаспорасының қалыптасу тарихын, отандастардың салт-дәстүр, мәдениет пен өнер, білім салаларындағы қол жеткізген табыстарын, халықаралық мәдени және экономикалық байланыстардың дамуын жан-жақты зерделеу болып табылады.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар