Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

28 қыркүйек 2005
Бүгін Астанада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев кәсіпқой велошабандоздардың халықаралық жарысының ашылу салтанатына қатысты.

20.jpg

21.jpg

Жарысқа дүниежүзіне танымал кәсіпқой велошабандоздар, Олимпиада ойындары мен әлем чемпионаттарының жеңімпаздары қазақстандық Александр Винокуров, ресейлік Вячеслав Екимов, австралиялық Макги Бредли Джон, италияндық Паоло Савольдели қатысты.  
-Әлем чемпионаты сияқты айтулы жарыстан кейін біздің шақыруымызға ықылас білдіргендеріңізге ризашылығымызды білдіреміз,– деді Елбасы. Біз Қазақстанда спорттың саналуан түрін, оның ішінде, көптеген қазақстандықтар, әсіресе жастар мейлінше көп әуестенетін велоспортты дамытуға айрықша мән береміз.  
Нұрсұлтан Назарбаев Астанада таяу аралықта еліміздің үздік спортшылары жаттығатын әлемдік деңгейдегі велотрек салынатынын атап өтті.  
Өз кезектерінде әйгілі велошабандоздар Қазақстан мен жаңа елордамыз Астана жайындағы әсерлерімен бөлісті.  
- Шынымды айтсам мен өзгелерден естіп-білгенімді өз көзіммен көріп, сырына барынша қаныққым келді. Мен Қазақстанның елордасы Астананың өркен жайып келе жатқан жас қала екенінен құлағдар едім, бірақ осында келгелі мен атқарылып жатқан істерге үлкен таңданыспен қараудамын. Бұл қазіргі заманғы аса қарышты дамып келе жатқан қала. Бұл қалада жадыралы көңіл-күй ауаны орныққан, мұнда жайлы өмір сүруге болады  және ыждаһаттылықпен жұмыс істелетін де болуы керек,– деді Вячеслав Екимов.  
- Сіздердің елдеріңізге келген аз уақыттың ішінде мен біздің елдерімізді байланыстыратын көптеген ортақ сипаттарды таптым, халық саны аз болғанымен орасан зор аумақты алып жатыр, сондай-ақ Қазақстанда дәл біздердегідей бүкіл әлемге «жарығын шашқан» жұлдыздар өте көп,– деп атап өтті Макги Бредли Джон. Мен бүгінгі жарыс дүниежүзілік үлкен додаға айналады және халықаралық жарыстардың жүйелі күнтізбесінен өз орынын алады деген үміттемін.  
-Астанада көргендерім мені ерекше әсерге бөлеп тұр. Нақ мұндайды мен әлемнің ешбір жерінен көрген емеспін. Мен серпінді дамып келе жатқан әрі табиғи қазба байлықтарға, бірінші кезекте адами ресурстарға бай бұл елдің одан әрі де осындай қарқынмен дами беретініне сенімдімін,– деді Паоло Савольделли.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар