National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен кездесу

2013 жылғы 24 желтоқсан

 

Кездесуде екіжақты ынтымақтастықты дамытудың кең ауқымды мәселелері, сондай-ақ интеграциялық бірлестіктер аясындағы экономикалық өзара ықпалдастық аспектілері қаралды.

Нұрсұлтан Назарбаев өтіп бара жатқан жыл екіжақты қарым-қатынастарды нығайту үшін табысты болғанын атап өтті.

– Біз XXI ғасырдағы ынтымақтастық туралы шартқа қол қойдық, бірқатар басқа да келісімдерге қол жеткіздік. Сонымен бірге, жоспарланған екіжақты құжаттарға, атап айтқанда, Әскери-техникалық ынтымақтастық туралы шартқа, Байқоңыр ғарыш айлағын бірлесіп пайдалану жөніндегі жол картасына, сондай-ақ Мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылғанын атап өткім келеді, – деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы Қазақстан тарапы қолдап отырған Еуразиялық экономикалық одақ құру үдерісінің маңыздылығына тоқталды.

Бұған қоса, Нұрсұлтан Назарбаев Сочиде өтетін қысқы Олимпиадалық ойындарға табыс тіледі.

Өз кезегінде В.Путин Қазақстан Президенті сапарының маңыздылығын және жүргізілген келіссөздердің жемісті болғанын атап өтті.

– Тараптарымыз белсенді жұмыс істеді, бірқатар құжаттар дайындады. Соңғы кездесуімізден бергі уақытта едәуір түйткілді салалардағы, соның ішінде энергетика саласындағы, сондай-ақ «Байқоңыр» кешенін бірлесіп пайдалану жөніндегі екіжақты ынтымақтастығымызды тереңдетуге және оның аясын ұлғайтуға байланысты нақты мәселелер бойынша көп жұмыс атқарылды, – деді Ресей Президенті. 

***

Кездесу қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойылды, олардың арасында:

– Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық туралы шарт;

– «Байқоңыр» кешенін бірлесіп пайдалану жөніндегі 2014-2016 жылдарға арналған жол картасы;

– Қазақстан аумағы арқылы Қытай Халық Республикасына ресейлік мұнайды тасымалдау саласындағы Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметі арасындағы келісім; 

– 2002 жылғы 7 маусымдағы мұнай транзиті туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметі арасындағы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама;

– 2010 жылғы 9 желтоқсандағы Қазақстан Республикасындағы мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау саласындағы Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметі арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама.

Бұдан бөлек, Қазақстан мен Ресей арасындағы екіжақты қарым-қатынастарды дамытуға және тереңдетуге қосқан үлесі үшін Ресей Федерациясы Президенті Әкімшілігінің басшысы Сергей Иванов пен «Газпром» ААҚ басқарма төрағасы Алексей Миллер «Достық» орденімен марапатталды.

  


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің