Жаңалықтар

25 қараша 2005
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Инвесторлар кеңесінің 14-ші жалпы отырысында ел экономикасына инвестия салушы ірі шетелдік компаниялардың басшылары Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруге деген ықыласына қолдау білдірді.

Еуропалық Қайта құру және даму банкінінің президенті Жан Лемьер өз сөзінде «Қазақстан тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген табыстарды әлемдік нарықтағы ықпалдастықпен күшейту қажет» екенін атап өтті.

- Президент мырза, Сіздің басшылығыңызбен Қазақстан үлкен табыстарға қол жеткізді және әлемдік аренадағы аса маңызды әрі қарқынды дамып келе жатқан серіктеске айналды. Енді Қазақстан үшін ДСҰ-ға кіру аса маңызды, - деп атап өтті Ж.Лемьер.

 
«Би Джи Групп» бас атқарушы директоры Фрэнк Чапмэн «Біз бұл елдің жарқын болашағына сенеміз, сондықтан Қазақстан басшылығымен қоян-қолтық жұмыс істеуге дайын» екендігін жеткізді.

- Мені Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі жөніндегі келіссөздердің сәтті жүргізілуі туралы жаңалық қатты қуантты, - деді ол.

 
«Шеврон» корпорациясының атқарушы вице-президенті Джордж Киркланд өз сөзінде Қазақстанның өңірдегі көшбасшылығын атап өтті және «Қазақстан нарықтық экономикаға икемделген ел ретінде танылғаннан кейін ДСҰ-ға кіру өте орынды» екенін атап көрсетті.

- Президент мырза, Сіз және Сіздің еліңіз Қазақстанның және бүкіл осы өңірдің халықаралық сауда жүйесіне толық ықпалдасуына жетуде негізгі роль атқарып отыр, - деді Дж. Киркланд.

 
Ел экономикасындағы ірі инвесторлардың бірі, «Миттал Стил Ко» компаниясының бас атқарушы жетекшісі Лакшми Миттал да Қазақстанның ДСҰ-ға кіру ниетіне қолдау білдірді және біздің елімізді «экономикалық даму қарқыны бойынша әлемдік көшбасшылардың бірі» деп атады.

- Мен бұл елді он жылдан бері білемін. Мұнда Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен қандай өркендеулерге қол жеткенін көріп отырмын. Бұл елдің болашағы зор. Президент мырза, Сіздің көрегенділігіңіздің арқасында Қазақстан қазірде Сіздің табысты үлгіңізді қайталап отырған басқа елдердің қызғанышын тудырып отыр. Сіз қазір тек мемлекет басшысы ғана емес, сондай-ақ басқа көшбасшылар үшін үлгі болып отырсыз, - деп атап көрсетті «Миттал Стил Ко» компаниясының бас атқарушы жетекшісі Лакшми Миттал.

 
«Дойче Банктің» Орталық және Шығыс Еуропа жөніндегі Бас Атқарушы директоры Питер Тильс сөйлеген сөзінде Қазақстанның «ДСҰ-ға кіруге дайын» дамыған қаржылық секторын атап өтті.

 
«Эксесс Индастриз, Инк» компаниясының президенті Леонард Блавитник алдағы Қазақстанның ДСҰ-ға кіруін Қазақстанда тәуелсіздік жылдарында жүргізілген «дұрыс экономикалық және саяси реформалардың үйлесімі» деп атады.

- Меніңше, Президент Назарбаев қазір нәтиже беріп отырған табанды саяси және экономикалық бірталай шешімдер қабылдаған. Қазақстандағы инвестициялық жағдай әрдайым жақсарып келеді, - деді ол.

 

«Мицубиши корпорэйшн интэрнэшнл» компаниясының президенті Хидето Накахара «Қазақстан экономикасының әсерлі даму қарқынын» атап өтті және «қол жеткен табыстар мен ел басшысының оң реформаларға деген ұстанымы елдің ДСҰ-ға кіруге деген шешімділігін көрсетеді», - деп атап көрсетті.

 
Кореялық «Самсунг корпорэйшн» компаниясының президенті Ву Тэк Чанг:

- Қазақстанға әр келген сайын осы елдің жарқын болашағын қамтамасыз ететін таңғажайып өзгерістерді байқаймын. Мен осының бәрі Қазақстанды жақын арада Еуразия орталығы ететініне кәміл сенемін, - деді.

 

Abn Amro Bank-тің атқарушы вице-президенті Фрэнк Кайларс «1996 жылы Қазақстан бұрынғы КСРО елдерінен ең бірінші болып халықаралық капитал нарығына шықты. 1999 жылы Қазақстан сондай-ақ азиялық және ресейлік қаржы дағдарыстарынан кейінгі халықаралық капитал нарығына қайта оралған ТМД елдерінің ішіндегі ең бірінші ел болғанын» атап өтті.

- Қазақстанның мүшелігі ДСҰ-ға ұдайы өсу нарығының даму маңыздылығын айқындайтын аса өкілетті ұйым болуға мүмкіндік береді, - деп атап көрсетті Ф.Кайларс.

 
«Эни» корпорациясының барлау және өндіру жөніндегі өндірістік бас директоры Стефано Као «ДСҰ Қазақстан секілді маңызды елді қолдайтынына» сенім білдірді.

- Біз Қазақстанда бірінші жыл жұмыс істеп отырған жоқпыз және қарқынды экономикалық өзгерістерді, сондай-ақ адамдардың жақсы әл-ауқатының артқанын көріп отырмыз.  Мұндай жағдайлар бұрынғы Кеңестер Одағының басқа елдерінде байқалмайды, - деді ол.

 
«Тоталь» компаниясының атқарушы вице-президенті Кристофа де Маржери өз сөзінде «ДСҰ-ға ықпалдасу арқылы Қазақстан даму сатысында кезекті қадам жасап отырғанына» назар аударды.

- Қазақстан өз экономикасын шетелдік инвестициялар үшін ашып отыр. Бұл ел сондай-ақ отандық кәсіпкерлікті дамытуға да қолдау көрсетті. Осы бағыттағы қозғалыстар ең бірінші кезекте елдің игілігі үшін айтарлықтай табысты болды. Мұны Президенттің ел халқына Жолдауы көрсетіп отыр. Бірақ қол жеткізген табыстармен шектелуге болмайды, - деді Кристофер де Маржери.

 
Сарапшылардың болжамдары бойынша біздің ел ДСҰ-ға келесі жылы өтеді. Қазақстан аталған ұйымға мүшелікке қабылдау туралы өтінішті 1996 жылы берген. Келіссөздер процесі кезінде арнайы жұмыс тобына қатысушы 38 елдің 8-і біздің елдің кандидатурасын қолдады. Олардың арасында Қытай, Түркия, Корея, Жапония бар. Басқа да қатысушы елдермен келіссөздер аяқталуға жақын. Қазіргі кезде Дүниежүзілік сауда ұйымына 148 ел мүше.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар