Жаңалықтар

25 қараша 2005
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алматыда өткен Шетелдік инвесторлар кеңесінің 14-ші пленарлық отырысына қатысты.

101.jpg

102.jpg

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алматыда өткен Шетелдік инвесторлар кеңесінің 14-ші пленарлық отырысына қатысты.

Қазақстанның алдағы уақытта  Дүниежүзілік Сауда ұйымына кіру мәселесі осы отырыстың басты тақырыбына айналды.  
   
-ДСҰ-ға кіру экономикалық реформалардың қарымды бағытымен нығайтылған Қазақстанның әлемдік экономикаға ықпалдасуы жолындағы дәйекті қадамы. Ашық нарықтық экономика жолын таңдай отырып, біз экономикамызды ырықтандырып, әлемдік қоғамдастық тарапынан танылған құрылымдық реформаларды мақсаткерлікпен әрі табанды түрде жүзеге асыра алдық,-деп атап өтті Қазақстан Президенті өз сөзінде.

Бұл міндет Қазақстан үшін келесі негіздер бойынша өзекті болмақ.

Біріншіден, ДСҰ-ға кіру арқылы қазақстандық тауарлар мен қызметтер үшін ДСҰ-ға мүше елдер нарығында мейлінше жайлы режим қамтамасыз етіледі.

 

Екіншіден, ДСҰ-ға мүшелікке ену Қазақстанға өз тауарларын ДСҰ-ға мүше басқа да елдердің нарықтарына аталған елдердің ішкі тауар тасымалында қолданылатын тарифтері бойынша экспорттауға мүмкіндік туғызады.

 

Үшіншіден, бүгінгі таңда Қазақстанның жалпы тауарайналымының 50%-дан астамы ДСҰ-ға мүше елдердің үлесінде. Ал аталған ұйымға Ресей мен Украинаның кіруі арқылы оның біздің тауарайналымымыздағы үлесі 90%-ға дейін өспек. Сондықтан да біздің еліміз үшін ортақ құқықтық кеңістің шеңберінде ірі сауда әріптестерімен сауда жасау аса маңызды.

 

Төртіншіден, қазақстандық заңнамаларды ДСҰ-ның негізгі келісімдерімен сәйкестендіру, келешекте отандық өндірушілердің бәсекелестікке қабілеттілігін арттыруына әкеледі.

 
Бесіншіден, Қазақстан ДСҰ-ға кіргеннен кейін ДСҰ-ға мүше елдер тарапынан қазақстандық өнімдерге қатысты қазіргі сауда кедергілері жойылады және жаңа тосқауылдарға жол берілмейді.

 
Алтыншыдан, қызмет көрсету рыногына қол жеткізу бойынша Қазақстан қыбалдаған міндеттемелер экономиканың қаржылық, телекоммуникациялық және көлік секторлары секілді негізгі салаларын одан әрі ырықтандыруды көздейді.

 
Жетіншіден, сыртқы сауда ережелерін ДСҰ нормаларымен сәйкестендіру транспаренттік рәсімдерді күшейтуге және сыбайлас жемкорлықтың етек жаю салдарын азайтуға тиіс.

 
Мемлекет басшысы «Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі елдегі жайлы инвестициялық жағдайды одан әрі нығайтуға сөзсіз ықпал етеді және жүргізіліп отырған нарықтық реформалардың мызғымастығын қамтамасыз етеді» деп атап көрсетті.

 

Шетелдік инвесторлар кеңесінің келесі 15-ші пленарлық отырысы 2006 жылдың 16 маусымында Оңтүстік Қазақстан немесе Шығыс Қазақстан облысында өтетін болады. Оның тақырыбы – «Транспаренттікті арттыру және сыбайлас жемқорлықпен күрес ісіндегі қазақстандық прогресс». 

 

Елбасы сөзінің толық мәтінін қараңыз.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар