Жаңалықтар

28 қараша 2005
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласындағы бірқатар нысандарды аралап көрді.
53.jpg

Президент Есіл өзенінің сол жағалауында салынып жатқан Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағатының ғимаратын аралап көрді. Құжаттық құндылықтарды сақтауға арналған мұрағаттық кешен жалпы алаңы 10,7 мың шаршы метрді құрайтын екі бөліктен тұрады. Мұрағатқа келушілер мен зерттеушілер оқу залында құжаттарды оқып, кино, фото материалдармен жұмыс істеуге, арнайы залдарда аудиожазбаларды тыңдауға мүмкіндік ала алады.

Мемлекет басшысы сондай-ақ Президенттің ақпандағы Қазақстан халқына Жолдауы аясында құрылған «бір терезе» қағидаты бойынша тұрғындарға қызмет көрсету орталығында болды. Үстіміздегі жылдың қарашасында Астана және Алматы қалаларында жеке куәлік, жүргізуші куәлігі, азаматтық хал актілері, салық төлеушінің куәлігі (СТН) және басқа да құжаттарды алу рәсімін оңайлатуға бағытталған тұрғындарға қызмет көрсететін төрт орталық ашылды.

 

Халыққа “бір терезе” қағидасымен қызмет көрсететін орталықтың негізгі міндеттері халыққа сапалы мемлекеттік қызмет ұсыну және сыбайлас жемқорлық тудыратын жағдайларды, бюрократияның және басқа да әкімшілік тосқауылдардың дамуын түбегейлі құрту болып табылады.

 
Орталықтарды құру жөніндегі бағдарламаны жүзеге асыру үшін мемлекеттік бюджеттен 500 миллион теңге қаражат бөлінді.

 
Мемлекет басшысы аралап көрген кезекті нысан «Шапағат» коммуналдық базары болды. Базардың жалпы алаңы 4,7 мың шаршы метрді құрайды. Жалға беру құнын төмендетуге байланысты мұндағы өнімдердің бағасы қаладағы басқа базарлармен салыстырғанда 25 пайызға арзан. Сауда орындары республиканың он облысындағы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге ұсынылған.

 

Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев Ақбұлақ өзені арқылы өтетін жаңа көпірді аралап көрді.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар