Жаңалықтар

24 қараша 2005
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Алматыда өткен Қазақстан қаржыгерлерінің V Конгресіне қатысты.

103.jpg

104.jpg

- Біз бүгін қаржы секторымен шын мәнісінде мақтана аламыз. Барлық негізгі қаржы реформалары жүзеге асырылды, ал қаржы институттарын реттеу дамыған елдерде қабылданған халықаралық стандарттар негізінде іске асырылуда, деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев конгрессте сөйлеген сөзінде.

 
Мемлекет басшысы сондай-ақ Қазақстанда бүгінгі таңда «қазіргі заманғы банк жүйесі құрылды. Коммерциялық банктер үздіксіз бәсекелестік жағдайында белсенді түрде дамуда, елімізден сыртқары жерлердегі нарықтарды игеруде. Банк қызметінің нарығы толысуда. Несиелер барынша қолжетімді бола түсті. Тұтынушылық және ипотекалық несиелеу, құрылыс жинағы жүйесі дамуда. Төлем карточкалары әрбір қазақстандықтың күнделікті өміріне кең түрде енуде. Банктік қызмет көрсету мәдениеті айтарлықтай өсті», деп атап өтті.

 
Банк жүйесінің жеке жиынтық капиталы 2000 жылдан бастап 7 есеге артқан. Осы кезеңде банк активтері 10 есеге артып, 28 миллиард АҚШ долларын құраған. Ал банк жүйесіндегі депозиттер 2000 жылдан бастап 9 есеге артып, 12 миллиард АҚШ долларын, халықтың салымы 4 миллиард АҚШ долларын құраған. 2000 жылдан бастап банктердің экономиканы несиелеудің жалпы көлемі 14 есеге артып, 16 миллиард АҚШ долларына жеткен.

 

Конгресске сондай-ақ Еуропалық Қайта құру және Даму банкінің Президенті Жан Лемьер, Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Әнуар Сәйденов, Қазақстан Республикасы Үкіметі мүшелері мен Парламент депутаттары, отандық, шетелдік және халықаралық қаржы институттары, мемлекеттік қаржылық даму институттары, еліміздің ғылыми және іскер топтарының басшылары мен өкілдері қатысты.

 

Елбасы сөзінің толық мәтінін қараңыз.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар