Жаңалықтар

25 қараша 2005
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев пен Еуропалық Қайта құру және даму банкінің президенті Жан Лемьер Шетелдік инвесторлар кеңесінің 14-ші жалпы отырысының қорытындылары бойынша баспасөз-мәслихатын өткізді.

99.jpg

100.jpg

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев пен Еуропалық Қайта құру және даму банкінің президенті Жан Лемьер Шетелдік инвесторлар кеңесінің 14-ші жалпы отырысының қорытындылары бойынша баспасөз-мәслихатын өткізді.

 
Мемлекет басшысы Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі туралы ДСҰ-ға қатысушы 148 елмен жүргізілген келіссөздердің оң нәтижелерін атап өтті.

 

– ДСҰ-ға кіру қазақстандық тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға үлкен мүмкіндіктер ашады, әлемдік нарықтар біз үшін өз есігін айқара ашады, біздің кәсіпорындарды жаһандық экономикалық процеспен ықпалдастырады, - деді Президент баспасөз мәслихатында сөйлеген сөзінде.

 
Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан алдағы уақытта тартылатын шетелдік инвестициялар үшін ашық» екенін атап көрсетті.

 
Инвесторлар мен мемлекет арасындағы өзара қарым-қатынастар жөніндегі сұраққа жауап бере келе, Президент «инвестициялар туралы таяуда қабылданған заң Қазақстанды шетелдік инвесторлар үшін одан әрі тартымды ете түсті» деп атап өтті.

 
- Тәуелсіздік жылдарында біздің еліміз жан басына шаққанда барлық ТМД елдері, Ресейді қоса есептегенде артық инвестиция тартты. 1999 жылы біздің экономикамыз үш есеге өсті. Қазақстанның барлық негізгі экономикалық көрсеткіштері көрші елдердегі тиісті көрсеткіштерден едәуір асып түседі. Қазақстан алдағы уақытта да тікелей инвестициялар үшін ашық. 2030жылға дейін әлемдік энергетика ресурстарын игеруге 13 триллион доллар шамасында қаржы бағытталатыны белгілі және осы соманың 10% Қазақстан және Ресей сияқты елдердің үлесіне тимек. Бұл үшін біз барлығын жасаймыз. Бірақ қазіргі уақытта Қазақстанның индустриялдық-инновациялық даму стратегиясын табысты жүзеге асыру және экономиканы өндіруші мен өңдеуші бағытқа байыппен көшіру төңірегінде болып отыр. Бағдарламаны жүзеге асырудың бірінші жылы көрсеткендей, өңдеуші өнеркәсіп пен машина жасау саласына салынған инвестиция едәуір ұлғайды, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

 

ЕҚДБ басшысы Ж.Лемьер Шетелдік инвесторлар кеңесі «шетелдік инвесторлар үшін қосымша серпін және Қазақстан экономикасын әртараптандырудағы үн қатысу» алаңына айналып отырғанын атап өтті. Ол сондай-ақ Қазақстанның ДСҰ-ға ертерек ықпалдасуының үлкен мәнін атап өтті.

 
Барлық инвесторлар Қазақстан Президентінің ДСҰ-ға кіруге деген ықыласын қарсы алады және бұл қажетті әрі дер мезгіліндегі таңдауға қолдау көрсетеді. Біз осы шешімнің қабылдануы мен туындауы мүмкін барлық қауіптер мен қиындықтарды талқыладық. Қазақстанның негізгі сыртқы сауда әріптестері қазіргі уақытта аталған ұйымның мүшесі немесе мүшелікке енуге әзірленуде. Бұл өте күрделі міндет, бірақ оның шешімі елге тағы да үлкен инвестиция ағымын алып келеді, - деп атап көрсетті Ж.Лемьер.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар