Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

27 қыркүйек 2005
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Петропавлда ауыл шаруашылығы техникаларының көрмесін аралап көрді. Көрмеге Солтүстік Қазақстан облысының егіс алқаптарында жұмыс істейтін отандық және шетелдік техникалардың үлгілері ұсынылды.

22.jpg

Сондай-ақ Президент күрделі мұнай өндіру техникаларын шығаратын ауыр өнеркәсіп саласындағы ірі кәсіпорындардың бірі «Петропавл ауыр машина жасау зауытында» болды. Кәсіпорын директоры Альберт Акеев Мемлекет басшысын зауыттың «Бәйтерек» Қазақстан – Ресей ғарыштық бағдарламасына қатысу болашағы туралы хабардар етті.

 
Зауыт цехында Нұрсұлтан Назарбаевқа КрАз автомашинасы негізінде құрылған мұнай-газ техникаларының үлгілері, жылу алмастыру жабдықтары, сондай-ақ қазіргі кезде өндіріске енгізілген жаңа бұрғылау қондырғысының макеті көрсетілді.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар