Жаңалықтар

24 қараша 2005
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Шеврон» компаниясының атқарушы вице-президенті Джордж Киркланды қабылдады.

Нарықтық капитал деңгейі бойынша әлемде бесінші орында тұрған «Шеврон» корпорациясы Қазақстандағы ең үлкен мұнай өндіруші компания болып табылады және Теңіз, Қарашығанақ және КҚК кен орындары секілді  үш ірі мұнай жобаларының едәуір үлесіне ие. Компания Қазақстан экономикасына 3,5 миллиард доллар инвестиция салған.

 
Кездесуде компанияның «ТеңізШевройлдағы» өндірістік қуаттарды кеңейту жобасын жүзеге асыру арқылы  Қазақстанның мұнай секторына салатын инвестиция көлемін ұлғайту мәселелері талқыланды. Аталған жобаны іске асыру нәтижесінде Теңіз кен орынында көмірсутегін өндіру екі есеге дейін артпақ.

 
- «ТеңізШевройлдағы» өндірістік қуаттарды кеңейту жобасы 2007 жылдың ортасына таман толықтай жүзеге асырылады деп жоспарланып отыр, - деді Дж. Киркланд журналистермен өткен брифингте.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар