Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

15 мамыр 2012
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ҰҚШҰ саммитінің аясында Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен кездесті.
С Путиным

Кездесуді аша отырып, Ресей Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың посткеңестік кеңістікте өңірлік бірлестікті құрудағы рөлін ерекше атап өтті.

- Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, Сіз посткеңестік кеңістікте интеграциялық процестерді тереңдетудің бастамашыларының бірі, Еуразиялық экономикалық бірлестіктің, Кеден одағының және болашақ Еуразиялық одақтың авторларының бірі болып саналатыныңызға сенемін. Бұл авторлық шынында дәл Сізге тән. Мен біздің барлық бірлескен идеяларымыз нақты іс жүзіне асатынына өте қуаныштымын. Бізде бірлескен іс-қимыл жоспары бар, шынында, ол біздің қарым-қатынасымыздың дамуының жол картасы болып табылады. Біз бұл бағыттағы ынтымақтастықты одан әрі дамытатынымызға сенімдімін, - деп атап өтті Ресей Президенті.

Өз кезегінде Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинді президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтап, Ресейдің және ресей халқының игілігі жолындағы жаңа қызметінде оған табыс тіледі.

- Біз – стратегиялық одақтаспыз, жақын көршіміз және әріптеспіз. Ресей сондай-ақ сауда айналымы 25 миллиард доллар болатын біздің ірі экономикалық әріптесіміздің бірі болып саналады. Біздің өңірлеріміз арасында ынтымақтастық белсенді дамуда. Бізде шешімін таппаған мәселелер жоқ. Биылғы 25 мамырда біздің елдеріміз арасындағы достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы базалық шартқа қол қойылғанына 20 жыл толады. Кеден одағының және өзге бірлестіктердің құрылуын ескеріп, оны жаңартып, тиісті өзгерістер енгізіп, аталған құжаттың мерзімін ұзарту керек, - деп атап өтті Қазақстан көшбасшысы.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинді Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды. Ресей Президенті бұл шақыруды қабыл алды.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар