Жаңалықтар

26 қыркүйек 2005
Мемлекет басшысымен кездесуден кейін кинофестиваль қонақтары журналистер алдында Қазақстан туралы өз әсерлерімен бөлісті.

Егер ел Президенті киноға айрықша назар аударып, оны жетінші өнер ретінде қолдаса, фестивальге қатысушыларды қабылдап жатса,– бұл өте керемет әрі кинематографияда жақсы көрініс таппақ,- деді Тео Ангелопулос. Режиссер Астанаға бірінші рет келіп тұрғанын және Қазақстанның жаңа елордасына үлкен таңданыспен қарағанын атап өтті.  
-Бұл таңғажайып қала! Кең дала төсіндегі қаланы көргенде мен ғылыми фантастикаға тап болғандай болдым,– деді ол.  
-Сіздердің елдеріңіз де, оның адамдары да керемет. Ал Президент, – нақты ісімен халқының жағдайын жасайтын аса көрнекті тұлға, мен оны толықтай қолдаймын,–деді Жан Клод Ван Дамм.  
-Таңданыс тудыратын таңғажайып келбет! Бұл жерге қаншама еңбек, шығармашылық ізденіс пен өнер жұмсалды және осының барлығы картинада көрініс тапқанын қалар едік,– деді Вадим Абдрашитов.

- Мен бізде келбетті де тартымды Президентіміз бар екенін мақтан тұтамын. Қай елде президент киноға дәл осынша мән беріп отырғанын мен біле бермеймін,– деп атап өтті Наталья Орынбасарова.  
-Қазақстан менің екінші тарихи Отаным. Оның даму сатысы баршаға белгілі. Игілікті, аса шапшаң жылдамдықпен алға жылжып келеді, барлық елдерге, конфессиялар мен ұлттарға дос пейілін танытуда. Бұл Президенттің елді қалай басқарып отырғандығының көрсеткіші,–деді Егор Кончаловский.  


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар