National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Президент Әкімшілігі


Жаңалықтар

Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Қалмұханбет Қасымов Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің қауіпсіздік кеңестері хатшыларының он төртінші кездесуіне қатысты

Іс-шара барысында ШЫҰ кеңістігінде тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ахуалға қатысты ауқымды мәселелер талқыланды. Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің делегация басшылары терроризмге, сепаратизм мен экстремизмге, қару мен есірткінің заңсыз айналымына, трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы тұру, сондай-ақ халықаралық ақпараттық қауіпсіздік салаларындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері жөнінде пікір алмасты.

Тұрақты қызмет ететін органдардың 2018 жылғы қызметінің нәтижесі туралы ШЫҰ Бас хатшысының және ШЫҰ ТҚӨҚ Атқарушы комитеті директорының баяндамалары тыңдалды.

Қ.Қасымов өз баяндамасында Қазақстанның БҰҰ Жарғысының, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі резолюцияларының және БҰҰ Ғаламдық контртеррорлық стратегиясы ережелерінің негізінде халықаралық терроризмге қарсы тұруды толықтай қамтитын БҰҰ конвенциясын қабылдауды дәйекті түрде қолдайтынын атап өтті.

Осыған байланысты, ол Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың Терроризмнен азат әлемге қол жеткізу жөніндегі кодексі туралы бастамасын тезірек жүзеге асыруға шақырды. Бүгінгі таңда оған 80-ге жуық мемлекет қол қойды.

Шараға қатысқан делегация басшыларын Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбеков қабылдады.

Сонымен қатар, кездесу алаңдарында Қ.Қасымов Үндістан, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан елдерінің делегация басшыларымен ШЫҰ мүше мемлекеттердің қауіпсіздік кеңестері аппараттары деңгейінде ынтымақтастықты кеңейту және нығайту мәселелері бойынша екіжақты келіссөздер өткізді.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару