Сыртқы саясат және халықаралық байланыстар бөлімі

Сыртқы саясат және халықаралық байланыстар бөлімі Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Сыртқы саясат және халықаралық байланыстар бөлімі қызметінің негізгі міндеттері:

1. Қазақстан Республикасы Президентінің сыртқы саясат саласындағы өкілеттіктерін іске асыруды қамтамасыз ету

  • ҚР Президенті қатысатын халықаралық іс-шаралар кестесін түзу және сыртқы саяси іс-шаралардың мазмұндық бөлігін қамтамасыз ету;
  • ҚР Президентінің және Әкімшілік басшылығының шет елдердің саяси және қоғам қайраткерлерімен, халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;
  • ҚР Президентінің қызметін ақпараттық-талдаумен қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының негізгі бағыттары және шетел мемлекеттерімен саяси ынтымақтастықты жетілдіру бойынша ұсыныстарды енгізу;
  • сыртқы саясат және дипломатиялық қызмет мәселелері бойынша мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;
  • мемлекеттік органдардың сыртқы саясатты іске асыруына, сыртқы саясат бойынша Президентінің және Әкімшілік басшылығының актілері мен тапсырмаларын орындауына бақылау жүргізу;
  • Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу, қолданысын тоқтата тұру және тоқтату мәселелері бойынша құқықтық актілер мен шешімдердің жобаларын дайындауға қатысу; заң жобалары мен Мемлекет басшысына қол қоюға енгізілетін ҚР-ның заңдарына талдау жасауға, сондай-ақ сыртқы саясат мәселелері бойынша ҚР Президентінің актілерін, соның ішінде стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге қатысу.

2.  ҚР Президентінің және Әкімшілік басшылығының өзге де өкілеттіктерін жүзеге асыру

  • Мемлекет басшысының атына келіп түсетін жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін бөлімнің құзыреті шеңберінде қарау жүргізу;
  • ҚР Үкіметінің, мемлекеттік органдар мен уәкілетті тұлғалардың ҚР Президентінің алдында жасайтын есептерін,  баяндамаларын, ақпараттарын қарауды дайындауға қатысу;
  • Сыртқы саясат саласындағы өзге де функцияларды жүзеге асыру.

 

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат және халықаралық байланыстар бөлімінің меңгерушісі

ҚҰСАЙЫНОВ Дәулетбек Қайырбекұлы


 
 Құрылымдық бөлімшелер