National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қауіпсіздік Кеңесі


Жаңалықтар

Ғизат Нұрдәулетов ТМД-ға мүше мемлекеттердің қауіпсіздік кеңесі хатшыларының кездесуіне қатысты

Мәскеу қаласында ТМД-ға мүше мемлекеттердің қауіпсіздік кеңесі хатшыларының 10-шы  кездесуі өтті. Оған Қазақстан Республикасы Президентінің Көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Ғизат Нұрдәулетов қатысты.

Форумда ТМД кеңістігіндегі қауіпсіздік пен тұрақтылықтың заманауи сын-қатерлері жағдайындағы өзара іс-әрекет  мәселелері қарастырылды.

Ғизат Нұрдәулетов әріптестерін Қазақстанның өңірлік қауіпсіздіктің негізгі бағыттары бойынша ұстанымы жайында хабардар етті. Атап айтқанда, ол ашық және сындарлы саяси-дипломатиялық диалог кез келген дағдарыстан шығудың тиімді әрі  оңтайлы жалғыз жолы екенін жеткізді.

Қазақстанның Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы өз баяндамасында ТМД-ның оңтүстік шекараларындағы  қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Ауғанстандағы жағдайды тезірек реттеу қажеттігіне назар аударды.

Іс-шара аясында Ғизат Нұрдәулетов  Ресей Федерациясы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Николай Патрушевпен екіжақты кездесу өткізді. Кездесу нәтижесінде екі елдің Қауіпсіздік кеңесінің аппараттары арасындағы 2023-2024 жылдарға арналған ынтымақтастық жоспарына қол қойылды.

 

 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару

Заңдар

2024 жылғы 20 мамыр

Мемлекет басшысы «Зияткерлік меншік құқықтарының сауда аспектілері жөніндегі келісімге толықтыру енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысына су тасқыны салдарын жою және қалпына келтіру жұмыстары жөнінде есеп берілді

2024 жылғы 21 мамыр

Мемлекет басшысына су тасқыны салдарын жою және қалпына келтіру жұмыстары жөнінде есеп берілді

Жарлық

2024 жылғы 17 мамыр

Н.И. Қилыбайды тағайындау туралы