National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қауіпсіздік Кеңесі


Жаңалықтар

Ғизат Нұрдәулетов ҰҚШҰ Қауіпсіздік кеңестері хатшылары комитетінің отырысына қатысты

2023 жылы 8 маусымда Минскте Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Қауіпсіздік кеңестері хатшылары комитетінің кезекті отырысы өтті. Оған Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Ғизат Нұрдәулетов қатысты.

Кездесу барысында Қауіпсіздік кеңестерінің хатшылары халықаралық және аймақтық ахуал бойынша пікір алмасты. Ұйымның жауапкершілігі шеңберінде қазіргі жағдай мен халықаралық экстремизм мен терроризм, киберқылмыс, есірткінің заңсыз айналымымен қатар, өзекті сын-тегеуріндер мен қауіп-қатерлерді бейтараптандыру шараларын талқылады.

Ғизат Нұрдәулетов әріптестеріне ҰҚШҰ жұмысының маңызды бағыттары бойынша Қазақстанның ұстанымын жеткізді.

Отырыстың қорытындысы бойынша Ұйым аясында өзара іс-қимылды одан әрі жетілдіруге бағытталған бірқатар құжатқа қол қойылды.

Осы күні кездесуге қатысушыларды Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко қабылдады.

Қауіпсіздік кеңестері хатшылары комитетінің кезекті отырысы ҰҚШҰ-ға Беларусь Республикасының төрағалық етуін ескере отырып, ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясы қарсаңында 2023 жылғы төртінші тоқсанда Минскте өтеді.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару

Заңдар

2023 жылғы 12 шілде

Мемлекет басшысы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Президент Халықаралық экологиялық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкіл Зүлфия Сүлейменованы қабылдады

2023 жылғы 21 қыркүйек

Президент Халықаралық экологиялық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкіл Зүлфия Сүлейменованы қабылдады

Жарлық

2023 жылғы 16 қыркүйек

Ж.Н. Шаймарданов туралы